Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін 2020 жылы сәуірде Нью-Йоркте өткізуі мүмкін.

Eurosport.ru мәліметінше, Хабиб бұл туралы Ташкентте студенттермен кездесу барысында айтты. Нурмагомедов Лас-Вегаста төбелеспейтінін мәлімдеді, жекпе-жек Бруклинде өтуі мүмкін.

Естеріңізге салсақ, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегінде америкалық Дастин Порьені жеңіп, белбеуін қорғап қалған болатын.