Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор ESPN ұсынған файтерлерге қарсы келесі жылы жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Тізімге Хорхе Масвидаль, Хабиб Нурмагомедов, Тони Фергюсон, Нейт Диаз, Ник Диаз, Камару Усман және Колби Ковингтон енді.

- Тізімдегі кез келгенімен жұдырықтасуға дайынмын, - деп жазды Макгрегор.

Айта кетейік, Макгрегор соңғы рет өткен жылдың күзінде Хабиб Нурмагомедовке қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тапты.