Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абелазиз америкалық боксшы Флойд Мейвезерге қарсы өтуі мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді.

- Флойд Мейвезер тамаша жекпе-жектерді ұйымдастырып беретін Данат Уайт сияқты промоутер тапқанына қуаныштымын. Флойд ғасырдың үздік боксшысы екені даусыз. Ал Дана Уайт мықты промоутер. Екеуі біріге отырып, тарихқа өз аттарын қалдыра алады. Екеуін де құрметтеймін. Бірақ Хабиб Флойдты аптаның кез келген күні жеңеді, - деп жазды ол.