Атақты экс-боксшы Майк Тайсон Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы болуы мүмкін қарымта кездесу туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

- Конор қанша тырысса да Хабибті жеңе алмайды. Бұл мүмкін емес. Ешқашан. Жұрт екеуінің жекпе-жегін тағы да тамашалағысы келеді. Хабиб көп ақша табады.

Нурмагомедов неліктен МакГрегормен 10 рет төбелеспейді, қайта ақшаға көміліп қалар еді ол. Маркетинг заңы солай, - деді Майк Тайсон.

Айта кетелік, ирландиялық Конор МакГрегор UFC ұйымының екі салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпионы болса, Хабиб - аталмыш компанияның жеңіл салмақтағы чемпионы.