Англиялық «Тоттенхэм Хотспур» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалған Жозе Моуриньоның жалақысы белгілі болды. Моуриньо күні кеше қызметінен кеткен Маурисио Почеттиноның орнын басты. Ол жылына 15 миллион фунт жалақы алатын болады. «Тоттенхэм Хотспур» биылғы маусымда 12 матчта 14 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-ші сатыға тұрақтады.