2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Іріктеу кезеңінде 12 гол соққан Англия құрамасының ойыншысы Харри Кейн үздік сұрмерген атанды. Екінші орынға израильдік Эран Захави мен португалиялық Криштиану Роналду жайғасқан. Олар 11 голдан соқты.