2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық турниріне іріктеу кезеңі арқылы жолдама барлық командалар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

20 ұжым іріктеу кезеңі арқылы өтсе, қалған 4 команда Ұлттар лигасында жолдамаға таласады.

2020 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын командалар тізімі: Англия, Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Дания, Нидерланд, Польша, Португалия, Ресей, Түркия, Украина, Уэльс, Финляндия, Франция, Хорватия, Швеция, Швейцария, Чехия.

Еске сала кетелік, құрлық біріншілігі 24 команданың қатысуымен өткелі тұр.