Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық турниріне іріктеу кезеңі арқылы жолдама барлық командалар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
20 ұжым іріктеу кезеңі арқылы өтсе, қалған 4 команда Ұлттар лигасында жолдамаға таласады.
2020 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын командалар тізімі: Англия, Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Дания, Нидерланд, Польша, Португалия, Ресей, Түркия, Украина, Уэльс, Финляндия, Франция, Хорватия, Швеция, Швейцария, Чехия.
Еске сала кетелік, құрлық біріншілігі 24 команданың қатысуымен өткелі тұр.