2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өткен құрамалар төрт себепке бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші себет: Италия, Англия, Бельгия, Испания, Украина, Германия;

Екінші себет: Франция, Польша, Швейцария, Хорватия, Ресей, Голландия;

Үшінші себет: Португалия, Түркия, Дания, Австрия, Швеция, Чехия;

Төртінші себет: Финляндия, Уэльс және Ұлттар лигасы плей-офф сатысында озып шыққан 4 құрама орналасады.

Жеребе тарту рәсімі 30 қарашада Румыния астанасы - Бухарест қаласында өткізіледі.