«Манчестер Юнайтедтің» басшылығы футболшыларына Еуропа лигасы аясында «Астанаға» қарсы ойын өтетін Нұр-Сұлтанда далада ұзақ жүруге тыйым салды.

Футболшылар далада 10 минуттан артық жүрмейді. Себебі Нұр-Сұлтанда қазір қатты аяз. Ал ойын күні ауа температурасы -20 градусқа дейін түсуі мүмкін.

«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы матч 28 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді.