5 қазанда (Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қазан таңертең) Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жұдырықтасады, деп жазады Prosports.kz.

Аталған жекпе-жекте ота салмақ санатында IBF және IBO титулдары сарапқа салынады.

Prosports.kz сайты назарларыңызға бокс кешінің тікелей трансляциясын ұсынады.

Бокс кеші таңғы төртте басталады. Ал Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы кештің басты жекпе-жегі біздің уақыт бойынша жексенбі күні таңертең (шамамен 09:00) басталады.

Еске сала кетейік, бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жекпе-жегін өткізеді. Он раундтық жекпе-жекте ол америкалық Эндрю Эрнандеспен кездеседі.

Бокс кешін екі бірдей отандық телеарна тікелей эфирде көрсетеді: Qazaqstanжәне QAZSPORT.

Геннадий Головкин - Сергей Деревянченко бокс кешінің андеркарты:

Иван Баранчик (19-1, 12КО) — Габриэль Брасеро (25-3-1, 6КО);

Чарльз Конуэлл (10-0, 7КО) — Патрик Дэй (17-3-1, 6КО);

Исраил Мадримов (3-0, 3КО) — Алехандро Баррера (29-5, 18КО);

Әли Ахмедов (15-0, 11КО) — Эндрю Эрнандес (20-7-2, 9КО);

Брайан Себальо (10-0, 5КО) — Хавьер Альбоника (14-2, 12КО);

Никита Абабий (6-0, 5КО) — Исайя Селдон (13-2-1, 4КО);

Джо Уорд (дебютті жекпе-жек) — Марко Дельгадо (5-1, 4КО);

Джонатан Арройо (3-0-1, 1КО) — Джонатан Фигероа (2-2, 1КО).

Головкин: «Канело» үшінші жекпе-жектен бас тартты

Головкин мен Деревянченко жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Головкин - Деревянченко: Кездесу апталығы басталды

Головкин алдағы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты

Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында

Жаңа бапкермен жаттыққан Головкин қалай өзгерді