Украина футболшылар одағының жетекшісі Олег Печерный Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында «Ақтөбе» футбол клубы бұрынғы футболшысы Сергей Ковальчукқа әлі де қарыз екенін айтты.

Бұған дейін «Ақтөбенің» бас директоры Самат Смақов клубтың шетелдік ойыншылар алдындағы барлық қарыздарынан құтылғанын мәлімдеген болатын.

Ковальчук «Ақтөбе» сапында 2012-2013 жылдары ойнаған. Ол 2014 жылы кәсіби мансабын аяқтаған болатын.

- «Ақтөбенің» бас директоры Самат Смақовтың баспасөзде клубтың бұрынғы ойыншылар алдындағы барлық қарыздарын өтегені туралы айтқанын естігенде біз қатты таңқалдық. Олар басқасын айтпағанда - Сергей Ковальчукқа келісімшартта көрсетілген соманы төленген жоқ.

- Бұл қарыздың мөлшері қанша?

- Шамамен 150 мың доллар.

- Бірақ Смақов істі ауыз жүзінде шешетін адамдар қатарынан емес. Оның үстіне ол баспасөз арқылы адамдарды алдайды дегенге сену қиын.

- Смаковтың жеке басына қарсы ешқандай шағымымыз жоқ, оның ерекше есті азамат екенін де естідім. Бірақ ол клубта Ковальчук ісіне байланысты қажетті құжаттар болмағандықтан, ешқандай төлем жасамайтынын айтып отыр. Қажетті құжат болмағандықтан облыс башылығынан қаражат бөлуді сұрай алмайды екен.

- Сонда бұл құжаттар қайда кеткен?

- Смаков ол құжаттарды клубтың бұрынғы басшысы Дмитрий Васильев жойғанын айтады. Қара тірлікпен айналысқандар клубтан кеткенімен, бүлдірген істері кейінгілерді әлі де әуреге салуда. Смақовтың бет-беделін ескере отырып, оның осы уәждеріне сенгім келеді.

- Күрделі жағдай екен ...

- Иә, солай. Бұл жерде Сергейге тиімсіз болып тұр. Ол өзінің адал еңбегімен тапқан ақшасын ала алмай отыр. Бірақ біз істі аяқсыз қалдырмай, әлі де күресетін боламыз.