«Партизан» командасының бас бапкері Саво Милошевич Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында «Астанаға» қарсы ойын жайлы өз ойымен бөлісті.

- Бүкіл команда сақадай сай. Алда қандай ойын күтіп тұрғанын жақсы біледі. «Астана» өте қауіпті қарсылас. Бүгін матч алдындағы дайындығымызды өткіздік.

- Команданың ұшу уақыты қиындық тудырмады ма?

- Бәрі ойдағыдай. Қазақстанға сапарымыз ойдағыдай жүріп жатыр. Матчқа дейін әлі уақыт бар. Әзірге шешілуі мүмкін емес проблема туындаған емес.

- «Астанадан» кімнің ойынын ерекше атар едіңіз?

- Томасов, Маевский. Шымыр, денелі мықты жігіттер. Бірақ «Астанаға» команда ретінде назар аудару өте маңызды.

- Ертеңгі ойында кімнің жеңісіне бәс тігер едіңіз?

- Командамның жеңілмейтіндігіне үміт артамын.

- «Партизан» бұл ойынға қаншалықты дайын?

- Біз өз ойын стилімізде ойнаймыз. Әр команданың өз ойыны бар. Әрине «Астанаға» барынша сақ қараймыз. Бірақ ойын философиямыз өзгермейді.