3 қазан күні Улан-Удэ қаласында әйелдер боксынан әлем біріншілігі басталады. Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ерік Алғабек әлемдік сынға қатысатын спортшылар есімін атады.

Бокстан әлем чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан командасы:

48 келі: Алуа Балқыбекова; 51 келі: Назым Қызайбай; 54 келі: Дина Жоламан;57 келі: Айжан Қожабекова;60 келі: Римма Волосенко;64 келі: Милана Сафронова;69 келі: Дариға Шәкімова;75 келі: Ақерке Бақытжан;81 келі: Фариза Шолтай; +81 келі: Дина Исламбекова.

Аталған спортшылардың барлығы Шымкент қаласында өткен Қазақстан Спартакиадасының жеңімпаздары саналады.