Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 9 қараша күні өтетін жекпе-жекке қазірден дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Әлімханұлы Instagram желісіндегі ресми парақшасына бапкері Джеймс МакГиртпен жаттығып жатқан бейнеролик жариялады.

«Ауыр жұмыс. Қазақ стилі», деп жазды Жәнібек.

Айта кетелік, WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерінің иегері келесі жекпе-жегін Американың Френсо қаласында өткізеді.