Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Мигель Васкеспен өткен кездесуі және алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі.

- Батыр, жекпе-жек қалай өтті? Өзіңнің рингтегі қимылыңа қанағаттандың ба?- Рахмет. Бәрі жоспар бойынша өтті. Өзіме көңілім толады. Айқасқа ғаламат тактика жасап шыққан бапкеріме зор алғыс білдіремін. Бүкіл он раунд бойы жұдырықтасып, баға жетпес тәжірибе жинадым деп санаймын. Қарсыласым айтарлықтай қарымды екен. Сол себепті жеңісім де ауыз толтырып айтуға тұрарлықтай..

- Сіздің жеңісіңізге канадалықтар қалай қарады? - Едәуір шу көтердік. Канадалықтар бұл айқасты асыға күтті деуге болады, себебі Васкес бұдан бұрын менің клубтасымдыжеңген болатын. Жергілікті жанкүйерлерді менің мексикалықпен қалай төбелесетінім қызықтырды. Нәтижесінде мен жеңіске жеттім.

- Алдағы жоспарлар туралы әңгімелесең...- Чемпиондық белбеулер үшін рингке шығуға дайынмын деп ойлаймын. Бәрі промоутерлерге байланысты. Құрама штаттарда жұдырықтасқым да келеді. Жалпы алғанда, әр жекпе-жектен кейін қарсыластарымның қарасы көбейіп барады. Бұл қуантарлық жайт, әрине. Алла қаласа, алда елеулі жекпе-жектер күтіп тұр.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйек күні Батыр Канаданың Монреаль қаласында мексикалық Мигель Васкесті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын, соның арқасында орта алмақтағы WBA Intercontinental және IBF Inter-continental белбеулерін жеңіп алды.