Канаданың Монраель қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз мексикалық Мигель Васкесті 10 раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, WBA Continental және IBF Inter-Continental чемпиондық белбеулерін иеленді.