Орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен трилогиядан бас тарту себептерін түсіндірді, деп жазады Prosports.kz.

«Мен Головкинмен үшінші жекпе-жектен бас тартамын. Өйткені оның маған ұсынатын ештеңесі жоқ. Мен оны екі рет соққының астына алдым. Oны бірінші кездесуде де, екінші кездесуде де жеңдім деп ойлаймын. Ол қазір маған ештеңе ұсына алмайды. Маған үшінші жекпе-жектің не керегі бар? Ол тіпті IBF тұжырымы бойынша чемпион атанған күннің өзінде мені еш қызықтыра алмайды.

Ол мені қызықтыру үшін не істей алады дейсіздер? Шынымды айтсам, ештеңе істей алмайды. Oны екі рет жеңгенмін. Сондықтан енді маған ұсынар ештеңесі жоқ», - деді Альварес.

Айта кетейік, Головкин 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде орта салмақтағы IBF тұжырымының белдігі сарапқа салынады.

Головкин — Деревянченко: Жекпе-жек алдында

Головкин-Деревянченко жекпе-жегінде тағы бір титул сарапқа салынады

Жаңа бапкермен жаттыққан Головкин қалай өзгерді

Головкин алдағы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты