Грэпплингтен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Дамир Садыров турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италиялық Вальтер Кольяндромен белдескен Дамир алғашқы айналымда 0:2 есебімен жеңіліп жатқан болатын. Абырой болғанда Кольяндроға қарсы ауырту әдісін қолданған қазақстандық грэпплинг шебері қарсыласын жеңіп, ширек финалға өтті.