Қазақстандық балуан Алишер Ерғали әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

97 келі салмақта өнер көрсеткен Ерғали 1/4 финалда Бацул Ульзисайханды 10:0 есебімен айқын жеңді жеңді.

Осылайша, балуан 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия иеленді.

Айта кетелік, бұл еркін күрес шеберлері жеңіп алған төртінші Олимпиада жолдамасы. Бұған дейін Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков және Данияр Қайсанов лицензияға иелік еткен болатын