Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем біріншілігінде грэпплинг спортына да кезек келді. Қазақстандықтар бұл сайысты жеңіспен бастады, деп жазады Prosports.kz.

77 келі салмақ дәрежесінде Азамат Бақытов америкалық Стивен Рамосты жеңсе, 62 келідегі Бауыржан Әлімбаев тағы бір америкалық Хуан Карлос Чолулоны 7:6 есебімен ұтып кетті.

Айта кетелік, No-Gi деп аталатын турнирде спортшылар кимоносыз белдеседі.