Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов бүгін нокаутпен жеңгеннен кейін пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Соңғы екі жекпе-жекте расымен де нокаутпен жеңгіміз келді, бірақ қолдан келмеді. Жаттығу процесіне өзгерістер енгізіп, бүгін нокаутпен жеңе алатынымды көрсеткім келді.

Ешкімнің аты-жөнін айтқым келмейді. Мен белбеу үшін жұдырықтасамын, маған осы бағытта келетін кез келген қарсыласпен күш сынасуғадайынмын», - деді Елеусінов.

Айта кетейік, бүгін Данияр америкалық Решард Хикспен жұдырықтасып, бірінші раундта жеңіске жеткен болатын.

Данияр Елеусінов жекпе-жегін бірінші раундта аяқтады