Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан америкалық Лас-Вегаста рингке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екінші жеңіл салмақ аясында Харсан T-Mobile Arena-да америкалық Исидро Очоамен жұдырықтасады. Кездесу Тайсон Фьюри – Отто Валлин жекпе-жегінің андеркардында өтеді.

Бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты: Ескендір таразыда 122,4 фунт көрсетсе, Очоа – 122.

Айта кетейік, Ескендір Харсанда екінші жеңіл салмақта жастар арасындағы WBC Inter-Continental белбеуі бар.