Орта салмақта WBA Super және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жекпе-жектен не күтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бұл ресми. Жартылай ауыр дивизиондағы ең мықты қарсыластардың бірімен кездесу үшін екі салмаққа көтерілетінімді қуана хабарлаймын. 2 қарашада Лас-Вегастағы MGM Grand Arena-да карьерамдағы ең ауыр сынақтардың бірі болады. Тарихты бірге жазып, төрт салмақ дәрежесінде чемпион атанайық», - деп жазды Альварес Инстаграмда.

Айта кетейік, Альварес – Ковалев жекпе-жегі 2 қарашада Лас-Вегаста өтеді.