6 қыркүйек күні өтетін Кипр – Қазақстан матчы қарсаңында Кипр футбол ассоциациясы Туиттер әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлеріне үндеу тастады, деп жазады Prosports.kz.

«Жұма, 6 қыркүйек күні бәріміз GSP стадионына барып, бізді біріктіретін команданы қолдайық. Біз Қазақстанға қарсы өтетін мачта құрамамызды қолдаймыз!», делінген жазбада

Айта кетелік, матчтағы билет құны 5 еуродан басталады.