Италия чемпионаты басшылығы өткен маусымның қорытындысы бойынша үздік танылған футболшыларды арнайы белгімен марапаттады, деп жазады Prosports.kz.

Әр амплуа бойыша үздік деп танылғандар:

Самир Ханданович («Интер») – үздік қақпашы;

Николо Дзаньоло («Рома») – үздік жас ойыншы;

Калиду Кулибали («Наполи») – үздік қорғаушы;

Сергей Милинкович-Савич («Лацио») – үздік жартылай қорғаушы;

Фабио Квальярелла («Сампдория») – үздік шабуылшы;

Криштиау Роналду («Ювентус») – үздік ойыншы.

Аталған ойыншылардың ішінде Роналду аталмыш марапаттан бас тартқан. Оның себебі, ол командаластарынан ерекше көрінгісі келмейді екен.

Роналду 2018/19 маусымда «Ювентус» сапында Италия чемпионы атанды.