ФИФА жылдың үздік ойыншысы атағына үш үміткерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) сайты «Жылдың ойыншысы» атағына үш үміткердің тізімін жарияладыОлар: Криштиану Роналду («Ювентус»), Лионель Месси («Барселона») және Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»).

Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаздар 23 қыркүйекте белгілі болады.

Өткен жылы Лука Модрич аталмыш жүлдені жеңіп алған болатын.