«Пари Сен-Жермен» Неймарды тек 300 миллион еуроға сатады». Париждік клуб президенті Нассер Аль-Хелаифи дәл осылай мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

— Неймардың командадан кетуі әбден мүмкін. Біз 300 миллион еуро төлейтін клуб болса оны беруге әзірміз, — деді ПСЖ-нің қожайыны.

Айта кетелік, 27 жасар шабуылшы осы трансфер кезінде париждік команда сапынан ешқайда кетпейді. «Барселона» ПСЖ-мен келісе алмаса, бразилиялық «Реалға» ауысудан өзі бас тартты .

Неймара ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылдың 30-маусымына дейін жарамды.