Қазақстандық AVANGAR cs-командасы StarLadder Berlin Major 2019 аясында өткен Legends Stage аясында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдегі ойындарын жалғастыра отырып, AVANGAR австралиялық Renegades клубымен кездесті. Матч Best of One жүйесі бойынша өтіп, 1: 0 есебімен біздің ойыншылардың пайдасына аяқталды. Тимур Бастер Төлепов үздік ойыншы деп танылды.