20-26 қазан аралығында Хогевенде (Нидерланды) 19 жастағы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлік атақты гроссмейстер Ян Тимманмен сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.Ойын Hoogeveen Matches 2019 аясында өтеді. Жансая аталмыш турнирге қонақ ретінде шақырылды.Ян Тимман 9 дүркін Голландия чепионы атанған, 80 жылдарда ең үздік шахматшы болған.