21-26 тамызда Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сынға Қазақстан атынан Роза Абитова мен Айдана Шәкенова қатысқан болатын.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Абитова 23-ші, Шәкенова 26-шы орыннан көрінді. 37 гимнаст қатысқан жарыста 88.85 ұпаймен израильдік Ашрам Линой жеңіске жеткен.

Екінші орынды ресейлік Екатерина Селезнева, үшінші орынды израильдік Николь Зеликман иеленген.