Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен қазақстандық спортшы Әнел Сытдықованы құттықтады.

- Спортшы қызымыз Әнел Сытдықова Қазақстанның тарихында тұңғыш рет және әлемде алғашқылардың бірі болып, Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Мықты ерік-жігер мен хас шеберліктің керемет үлгісін көрсеттің. Жарайсың, Әнел!, - деп жазды ҚР президенті.

Айта кетейік, Әнел Сытдықова Қазақстанның тарихында тұңғыш рет Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. 38 шақырым шақырымды жүзгіш 15 сағат ішінде гидрокостюмсіз бағындырған.