Орта салмақ көшбасшысы, мексикалық боксшы Сауль Альварес күзде шаршы алаңға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Golden Boy Promotions мәлімдеуінше, қыркүйек айында өтетін жекпе-жекке лайықты қарсылас таппаған Канело кезекті жекпе-жегін кешіктіріп өткізеді.
Еске сала кетейік, Канелоның командасы жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевке қарсы жекпе-жекті ұйымдастырғысы келген. Алайда, төмен гонорар құны ресейлік боксшыны қанағаттандырмады.
Сонымен қатар, мексикалық боксшы Деметриус Андраде және Хайме Мунгуйямен жекпе-жекке дайын. DAZN платформасы болса, Канелоны Головкинмен трилогия жасауға үгіттеуде.
«Қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге тиісті болғанмын. Алайда, бірнеше салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы ретінде қызықты кездесу жасауға тиістімін. Golden Boy лайықты қарсылас тапқанша кезекті жекпе-жегімнің уақытын кейінге шегерді. Менің жанкүйерлерім ең керемет кездесу өткізгім келетінін, мықты қарсыласты таңдайтынымыды біледі», - деді Канело.
Комментарии