Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лос-Анджелестегі жаттығуының видеосын жариялады, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Тамыздағы жекпе-жекке дайындық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр», - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін тамызда жұдырықтасатынын хабарлаған еді. қарсыласы бокс әлеміндегі топ-15 боксшы тізімінен болады деп үміттенетінін де айтқан болатын.

Қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегі 12 сәуірде мексикалық Кристиан Оливасқа қарсы өтіп, Жәнібек орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global чемпионы атанған еді.

Жәнібек Әлімханұлы Арыс тұрғындарына көмек көрсетті