Әлімханұлы жаттығуының видеосын жариялады
![Әлімханұлы жаттығуының видеосын жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content/472_927855f5c4c55cd9e4c09a72a24e8ab9.jpg?v=28641598)
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лос-Анджелестегі жаттығуының видеосын жариялады, деп жазады Prosports.kz сайты.
«Тамыздағы жекпе-жекке дайындық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр», - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін тамызда жұдырықтасатынын хабарлаған еді. қарсыласы бокс әлеміндегі топ-15 боксшы тізімінен болады деп үміттенетінін де айтқан болатын.
Қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегі 12 сәуірде мексикалық Кристиан Оливасқа қарсы өтіп, Жәнібек орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global чемпионы атанған еді.