Қазақстандық балуан Сергей Цырульников әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Ол 10 табаға 120-лық шегені 1 минут 48 секундтың ішінде қадап шықты. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш ресейлік мықтының еншісінде болған.
Жауын-шашынға қарамастан алып күш иесін қолдауға петропавлдықтар көптеп жиналды.
– Бұл рекорд Ресейде «Я могу» шоу бағдарламасында орнатылған. Олар мені шақырған, бірақ соңында қатыстырмады. Енді, міне, оны Қазақстанда жаңарттым, - дейді әлемдік рекорд иесі.
Комментарии