Астана күніне орай «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының спортшылары қазақстандықтарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Astana ProTeam» велокомандасы, «Астана» баскетбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» футбол клубының ойыншылары арнайы бейнеүндеу жолдап, жерлестерімізге жүрекжарды тілектерін айтты.

Айта кетейік, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған.