Оңтүстік Кореяда таеквондодан рейтингілік халықаралық турнир өтеді.

«Korea Open» турниріне Қазақстан ұлттық құрамасынан екі спортшы қатысады.

Атап айтар болсақ, Руслан Жапаров (+87 келі) пен Нұрлан Мырзабаев (+80 келі) халықаралық жарыста бақ сынайды. Одан бөлек, жастар арасындағы Түркістан облысының командасы да Кореядағы турнирге аттанады.