4 шілдеге қараған күні түнде Итальияның Неаполь қаласында Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты рәсім Сан-Паоло стадионында өтті. Шоу-бағдарламада әлемдік және италиялық классика мен заманауи тенденциялар сабақтасқан.

Ашылу салтанатына 900-ге жуық адам қатысты. Универсиада алауын жергілікті «Наполи» футбол клубының капитаны Лоренцо Инсинье жақты. Сондай-ақ, ашылу салтанатында Андреа Бочелли ән шырқап, жиын соңы отшашуға ұласты.

Қазақстан атынан Универсиада ойындарына 94 спортшы аттанды. Бүгін, 4 шілде күні, біздің құрама спортшылары жарысты бастайды.