Италияның Неаполь қаласында бүгін 2019 жылғы Жазғы универсиада ойындары басталады.

Универсиада 3-14 шілде аралығында өтеді. 170 мемлекеттің спортшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Жазғы универсиаданың ашылу салтанаты әйгілі «Сан Паоло» стадионында өтеді.

Биылғы универсиадаға Қазақстаннан 94 спортшы қатысады.