Әуе акробатикасы бойынша ең танымал Red Bull Skydive Team командасы ел-жұртты тағы таңғалдырды.

Команда Қазақстанға алғаш рет 2017 жылы келген. Ол кезде атлеттер Нұр-Сұлтанда бэйс-джамп орындаған. Бұл жолы Марко Вальтеншпиль, Марко Фюрст және Даниэль Дэ Ла Бланка Көктөбе телемұнарасынан құлдилай секірді.

Жобаны дайындау, шамамен, бір жарым айға созылды.

«Біз Нұр-Сұлтанда бірнеше жыл бұрын болғанбыз, сол кезде әуе спорты үшін елдің жоғары әлеуетін байқадық. Қазақстанға оралу шешімі қабылданған болатын және келесі қала ретінде Алматыны таңдадық»,- деді Марко Вальтеншпиль.