Қазақстандық CyberDogs командасы JoinDota League Season 16 халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жарыстың іріктеу кезеңі 1 шілдеде өтеді. Жерлестеріміз Team Colizeum, Team Singularity, Wind and Rain және Pavaga Junior командаларымен сынға түседі.

Кездесу Best-of-Two немесе Two-game-series форматында болады.

Қазақстандықтар турнир жолын 2 шілдеде Team Colizeum командасына қарсы бастайды.