Бүкіләлемдік карате федерациясы (WKF) бүгін жаңартылған олимпиадалық рейтингті жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

60 келіде сынға қазақстандық спортшы, Азия ойындары мен ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы, сондай-ақ, каратеден әлем чемпионатының жүлдегері Дархан Асаділов өз салмағында бірінші орынға шықты.

Ол италиялық Анджело Кречензо мен франциялық Стевен Дакостаны артта қалдырды.

Еске сала кетейік, каратеден Олимпиада ойындарына лицензия тарататын жарыстар тізбегі келесі жылдың мамырына дейін жалғасады. Олимпиадалық салмақ дәрежелерінде үздік төрттіке енген спортшылар Токио ойындарына тікелей жолдама алады.