Қазақстандық Bro Orange командасы PUB Mobile нұсқасы бойынша SPORT Series турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаһандық финалда біздің отандастарымыз Ресей мен Түркиядан келген 16 командаға қарсы сәтті өнер көрсетті. Sanhok, Miramar және Erangel секілді үш картадағы матчтардың нәтижесі бойынша қазақстандықтар 228 ұпаймен бірінші орынға жайғасты.

Жарыста жеңімпаз атанғаны үшін команда 20 000 долларға қаржыға ие болды.