Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті. Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан күміс жүлдегер атанды.

Жерлесіміз іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтаған болатын. Финалда ол 14.700 ұпай жинап, күміске қол жеткізді. Алтын медаль 15.400 ұпаймен топтан қара үзіп кеткен тайпейлік Ли Чи Кайдың еншісінде.