Қостанай облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасының директоры орынбасары Азамат Бегалин Prosports.kz сайтына «Тобылдың» 2019 жылға арналған бекітілген бюджеті қанша екенін мәлімдеді.

«Тобыл» футбол клубының 2019 жылға бекітілген бюджеті - 2,3 миллиард теңге,- деп мәлімдеді Бегалин мырза.

«Ашықтыққа ден қойған «Тобыл» футбол клубының басшылығы алда уақытта клуб бюджеті туралы артық әңгіме болғанын қаламайды.

Бұған дейін Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Марат Айдашев «Ертіс» футбол клубының бюджеті қанша болатынын айтқан еді.

Сонымен қатар, «Ақтөбенің» бюджеті - 2 миллиард теңге екенін жазған болатынбыз.