Қытайдың Гуанджоу қаласында дзюдодан жылдың қорытынды турнирі аяқталды. Masters додасынан қазақстандық балуандар екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Екінші жарыс күнінде 90 келідегі Ислам Бозбаев қола медаль жеңіп алды. Ол кубалық Иван Моралес пен ресейлік Михаил Игольниковті жеңді. Жартылай финалда Бозбаев әлем чемпионы, испаниялық Николас Шеразадишвилиге жол берді.

Үшінші орын үшін күресте Ислам чех балуаны Дэвид Кламертті жеңді.

Еске сала кетейік, кеше 60 келідегі Елдос Сметов тұғырдан көрініп, қола медаль тағынған болатын.