Дзюдодан Атырау облысы сапында Конфедерация кубогын жеңіп алған Наурызбек Майлашев жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті. Спортшының айтуынша, мұндай жарыстар үлкен рух береді.

- Биылғы жыл дзюдодан Атырау облысы үшін өте сәтті болды. Қазақстан біріншілігінде командалық есепте топ жарған едік. Енді, міне, Конфедерацияда жеңімпаз атандық.

Жалпы, Конфедерация құрамына кіретін алты спорт түрінің ішінде финалға Атыраудан жеткен біз ғана. Финал өте тартысты өтті. Қарағанды спортшылары мықты балуандардан құралған. Дегенмен, бабымыз бен бағымыз қатар шапты.

Бұл турнир биылғы маусымды көтеріңкі көңіл-күймен аяқтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушыларға алғысым зор, - дейді Майлашев.

Еске сала кетейік, дзюдодан Конфедерация кубогын Атырау облысының спортшылары жеңіп алды.