Қытайдың Гуанджоу қаласында өтіп жатқан Masters додасында қазақстандық Елдос Жұмаханов 5-ші орын алды, деп жазады Olympic.kz.

Жұмаханов қола медаль үшін күресте моңғолиялық Алтансух Довдоннан "иппон" әдісімен ұтылды.

Жарыс барысында Елдос Ресей және Ұлыбритания балуандарын жеңген болатын.