Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Гуанчжоуда өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін белдесуде қазақстандық дзюдошы ресейлік Ислам Яшуевпен кездесті.

Айта кетерлік жайт, жартылай финалда Елдос тағы бір ресейлік Роберт Мшвидобадзеден ұтылып қалған болатын. Роберт осы салмақта жеңімпаз атанды.